Жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаржының бөлінуі туралы туралы
«Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
БҰЙРЫҚ
« » « » 2021 ж № Шалқар ауылы
Жалпыға бірдей білім беру
қорынан бөлінген қаржының
бөлінуі туралы туралы
ҚР үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек бөлінетін қаражатты жұмсау ережесі» қаулысына сәйкес 2020 – 2021 оқу жылының жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаражатының тиімді жұмсалуын ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген 4 280 994, 32 (төрт миллион екі жүз сексен мың тоғыз жүз тоқсан төрт мың) 32 тиын көлемінде бөлінген қаржыны жетім, жартылай жетім, көп балалы, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасы балаларына киім – кешектей көмек көрсету, тегін ыстық тамаққа 2020 жылдың ақпан мен сәуір айлары аралығында қашықтықтан оқыту барысында кезекші сыныптардың тегін тамақтануға 51 оқушыға 1 980 994, 32 (бір миллион тоғыз жүз сексен мың тоғыз жүз тоқсан төрт мың) 32 тиын, маусым - шілде айларында жазғы сауықтыру демалу орындарына (лагерьге) 50 оқушыға 1 250 000
(бір миллион бес жүз елу мың) теңге көлемінде бөлінсін.
- Жоғарыда көрсетілген қаржыны оқушыларды тегін бір реттік ыстық тамақпен кезекші сынып оқушыларын қамтамасыз ету және жазғы сауықтыру демалу орындарына жолдамамен жіберуге көмек көрсету мақсатында келесі құрамдағы комиссиялар мүшелері тағайындалсын:
- Т.Касымбекова – комиссия төрайымы, мектеп директоры.
- С.Торегалыева – әлеуметтік педагог.
- Р.Алтаева – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
- Б.Мұқанова – мектеп педагог – психологы.
- А.Жуманазарова – ата – аналар комитетінің төрйымы.
- Г.Кубашова – «Қамқоршылық кеңесінің» төрайымы.
- 1 – 11 сынып жетекшілеріне: комиссия мүшелеріне және ата – аналар комитетіне ата – аналардың өтініші бойынша жетім, жартылай жетім, көп балалы, аз қамтылған, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасы балаларының тізімін жасау жүктелсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау мектептің әлеуметтік педагогы С.Торегалыеваға жүктелсін.
Мектеп директоры Т.Касымбекова
Бұйрықпен таныстым:
С.Торегалыева Г.Кубашова
Р.Алтаева А.Жуманазарова
Б.Мұқанова