2023 – 2024 оқу жылында «Сенім жәшігі» жұмысы бойынша іс – шара ЖОСПАРЫ » "Шалқар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шалқар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 3-92-20
Есепші бөлімі:
+7(72771) 3-92-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 – 2024 оқу жылында «Сенім жәшігі» жұмысы бойынша іс – шара ЖОСПАРЫ
08
декабрь
2023

2023 – 2024 оқу жылында «Сенім жәшігі» жұмысы бойынша іс – шара ЖОСПАРЫ

  Бекітемін

                                                            Мектеп директоры                      Т.Касымбекова


         2023 – 2024 оқу жылында «Сенім жәшігі» жұмысы бойынша іс – шара

ЖОСПАРЫ


Мақсаты:  Білім алушылар мен қызметкерлердің құқықтарын қорғау, қылмыстық пен құқық 

                     бұзушылықтың және сыбайлас жемқорлық пен зорлық зомбылық фактілерімен күресу,   

                     болдырмау.


Жұмыс мазмұны

Орындалатын уақыты

Жауаптылар


1

 Қашықтықтан оқыту барысында сенім жәшігін бақылайтын комиссия құрамын құру.

Қыркүйек 

ДТЖЖО Р.Алтаева, мектеп педагог – психологтары Б.Мұқанова, А.Абиева.

2

Шағымдар бойынша отырыстар өткізу.

Өз уақытында

Комиссия мүшелері



3

Оқушыларға «Сенім жәшігі»  бойынша түсіндіру жұмыстары

Қыркүйек

ДТЖЖО Р.Алтаева, мектеп педагог – психологтары А.Абиева, Б.Мұқанова

4

«Өз құқығыңды білесің бе?», сауалнама алу.

Тоқсан сайын

қашықтықтан

Мектеп педагог – психологтары А.Абиева, Б.Мұқанова


5

Бала мен ата –ана құқын қорғау, зорлық –зомбылық, қорқытып ақша талап ету және  өзге де фактілерді анықтау мақсатында сауалнама алу

Тоқсан сайын

қашықтықтан

Комиссия мүшелері, 

мектеп педагог – психологтары А.Абиева, Б.Мұқанова


6

«Сенім жәшігі» жұмысының орындалысы туралы мәлімет беру

Жыл бойы

ДТЖЖО Р.Алтаева



7

«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ!» сынып сағаттар өткізу.

Қараша 

Сәуір 

2 – 11 сынып жетекшілері.


















«Қызметкерлер мен білім алушылардың өтініштеріне арналған 

«Сенім жәшігі» туралы 

ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ереже

1.1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау реті туралы” №221 Заңына сәйкес жасалды.

1.2. Осы ереже  “Бейнеу лицейі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлер мен білім алушылардың өтініштеріне арналған жәшіктер арқылы өтініштерді беру реті анықталады.

1.3. «Қызметкерлер мен білім алушылардың өтініштеріне арналған жәшік» (одан әрі – Сенім жәшігі) – Бейнеу селосы “Бейнеу лицейі” мемлекетті мекемесі арыздарды, ұсыныстарды және басқа да өтініштердерді түсіруге арналған азаматтармен байланыстыратын канал. Жәшік ағаштан жасалған, өлшемі -А4.


2. Жәшікті рәсімдеу және оны орналастыру

2.1. Жәшіктің алдында үлкен әріптермен жазылған “Сенім жәшігі” сөзі болуы керек. Жәшіктің жанында хатты жәшіктен алу кестесі және оның қарастырылу мерзімі  туралы ақпарат болуы керек. 

2.2. Жәшіктер “Бейнеу лицейі” мемлекетті мекемесі құрылымдық бөлімшесінде орналасқан (кіреберіс дәлізде), барлығы 1 дана.

2.3 Жәшікке қағаз хаттардан басқа заттарды салуға тиым салынады.

2.4.Жәшіктер нығыз бекітілгендіктен хаттарды рұқсатсыз алу мүмкіндігі шектелген. 

3. Жазбаша өтініштерге арналған талаптар және жәшіктерді толтыру

3.1. Өтініш берушілер өтінішті өз беттерінше ресімдеп, оны жәшікке түсіреді.

3.2.Өтініштер жазбаша өтініштерге арналған талаптарға сәйкес толтырылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау реті туралы” №221 Заңының 6-бабы “Жазбаша өтініштерге арналған талаптар”

 Өтініш мекемеге немесе лауазымды тұлғаға жіберіледі;Жеке тұлғанын өтінішінде оны аты-жөні, қалауы бойынша әкесінің аты, мекен-жайы көрсетілуі мүмкін;Өтінішті тапсыру кезінде мекеменің атауы немесе оқушының аты-жөні, өтініштің талабы мен себептері көрсетілуі керек; Өтініште өтініш берушінің қолы болуы керек; Өтініш беруші өтініш жазған күнді көрсетуі керек

4. Жәшіктен хаттарды алу

4.1. Мекеме директорының бұйрығымен хаттарды жәшіктен алатын комиссия мүшелері тағайындалады.

4.2. Хаттарды алу комиссия мүшелерімен күнделікті (хаттың түсуіне байланысты) жүргізіледі, кейін ол туралы сәйкесінше акт толтырылады.

5. Өтініштерді тіркеу және есепке алу


5.1.   Жәшікке салынған хаттар мекен-жайдың дұрыстығына, дұрыс рәсімделуіне, толық әрі бүтін екендігіне, күні мен қолдың қойылғандығы тексеріледі.

5.2.  Талаптарға сай келген өтініштер міндетті түрде қабылданып, тіркеледі, есеп алынады және қарастырылады.

5.3.  Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмеген хаттарға 1 дана акт жасалады.

5.4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы” №221 Заңның “Жазбаша хаттарға қойлатын талаптар” 6-бабы бұзылған өтініштер қарастырылуға жатпайды, ол туралы сәйкесінше акт толтырылады.

5.5. Хаттар жәшіктен алынған күні арнайы журналға тіркеледі және оны одан әрі жүзеге асыру үшін мекеме директорына ұсынылады.

6. Өтініштерді қарастыру мерзімі


6.1. Қызметкерлер мен оқушылардың  жазбаша хаттары “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау реті туралы” Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қарастырылады.

6.2. Қызметкерлер мен білім алушы оқушылардың өтініштері, он бес күнтізбелік күн ішінде жауап беріледі.


















 Оқушылар мен ата – аналардан түскен арыз-шағымдарды  тексеретін комиссия құрамы жасақталды. Комиссия құрамы арнайы жиналыс жасап, әр айдың 23-25 күндері аралығында жәшік тексеріледі.  Сенім жәшігіне ешқандай хат түскен жоқ.   Ата-аналардан түскен арыз-шағымдар болған жоқ. «Сенім жәшігі» жөнінде оқушылар жиындарында, сынып жиналыстарында, ата – аналар жиналыстарында сенім жәшігінің маңызы жайында  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив