Педагогтер мен оқушыларға арналған мектеп ережесі туралы » "Шалқар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шалқар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 3-92-20
Есепші бөлімі:
+7(72771) 3-92-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогтер мен оқушыларға арналған мектеп ережесі туралы
08
декабрь
2023

Педагогтер мен оқушыларға арналған мектеп ережесі туралы


«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» 

мемлекеттік мекемесі   «Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Педагогтер мен оқушыларға 

арналған мектеп ережесі туралы






                                                                                                           Дайындаған: ДТЖЖО 

                                                                                                                                 Р.Алтаева





























Шалқар ауылы, 2023 жыл.



      Бекітемін

                                                           Мектеп директоры                  Т.Касымбекова


         «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» 

         мемлекеттік мекемесі  «Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік 

        мекемесінің ішкі тәртіп

ЕРЕЖЕСІ


Мектепте оқу үрдісінің ұйымдастыру 

тәртібі 


  1. Мектеп  сабақтары  мектеп  директоры  бекіткен   кестеге сәйкес жүргізіледі.
  2. Сабақ ұзақтығы 45 минут.
  3. Қоңырау ұзақтығы санитарлық нормаға сәйкес мектеп директоры бұйрығымен анықталады.
  4. Қоңырау кестесі.


Мектептегі оқушылардың сабақтарға қатысуы және сыртқы 

келбетке қойылған талаптар


  1. Оқушы жолдан абайлап өтіп, жол жүру ережелерін ұстануы қажет.
  2. Оқушы мектепке сабақ басталуына 10 – 15 минут қалғанда келіп, таза әрі ұқыпты киінуі тиіс.
  3. Сыртық киімдерді оқушылар арнайы гардеробта қалдырулары  керек.
  4. Сыртқы киімнің қалталарында ақша, кілттер, жол жүру билеттері, басқа да құнды заттардың болуына тыйым салынады.
  5. Оқушы жеке гигенаны сақтауы қажет. Оқушы сырт келбеті жайында гардеробтан шыққан кезде кезекші мұғалім немесе кезекші әкімші бағалап, нағыз ережелерге сәйкес талаптар қояды.
  6. Сабақтан қалған оқушыларды кезекші әкімшілік немесе мұғалім тіркеп, күнделікке қалып қойғаны туралы жазады.
  7. Жүйелі түрде сабақтан қалатын оқушылар мектеп әкімшілігіне түсіндіру үшін ата – анасы  немесе заңды қамқоршысымен шақырылады. Ал, себепсіз 80 сабақты жіберген оқушыларды әкімшілік тәртіпке жазалауға дейін шара қолданылады.
  8. Оқушы сабақтан қалса, сынып жетекшіге медициналық анықтама немесе ата – анасының түсініктемесін тапсыруы қажет.
  9. Оқушы себепсіз 3 күн сабақта болмаса, онда тек мектеп директоры атына ата-анасының  жазба түсініктемесі негізінде ғана сабаққа келе алады.
  10. Оқушы сабақта болмаса да, мұғалімге босатқан сабағының есебін тапсырады және үй жұмысын орындайды.


Оқушылардың сабақтағы тәртібі


  1. Оқушылар міндетті түрде сабаққа үй тапсырмасын орындап алып келеді.
  2. Оқушыға сабақ кезінде мұғалім ғана орнынан тұрмай жауап беруге рұқсатын бере алады.
  3. Оқушы жауап берген кезде қатты дауысын шығарып, түсінікті, асықпай, өз ойын дұрыс жеткізуіне тырысуы қажет.
  4. Тек жауап беремін деген оқушылар қолын көтерулері міндетті. Басқа қылықтармен өзіне назар аударуға болмайды.
  5. Сабақ барысын бұзған әрекет дөрекі тәртіп бұзушылыққа жатады. Оған кінәлілер мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіптік жаза қолданылады.
  6. Оқушылар белгіленген кабинеттерде Еңбек қорғау ережелерін біліп, сақтаулары тиіс.
  7. Оқушылар үйге бірілген тапсырмаларды күнделіктеріне толық әрі түсінікті етіп жазулары тиіс.
  8. Сабақ аяқталғаны туралы қоңырау мұғалім үшін арналған. Тек мұғалім ғана сабақтың аяқталуы жайында хабарлап, сыныптан кетуге рұқсат бере алады. Сыныптан кеткен кезде өзінен кейін оқу орнын ретіне келтіреді.


Оқушылардың қоңыраудағы тәртібі


  1. Кабинетті желдету үшін оқушылар үзіліс кезінде дәлізге шығулары керек.
  2. Оқушылар мектептегі тәртіпті сақтау бойынша өз міндетін атқаратын кезекші мұғалімдерінің, мектеп бойынша кезекшілерінің және мектеп қызметкерлерінің талаптарына бағынуы тиіс.
  3. Жарақатқа және мектеп мүліктерін бұзуға әкелетін, сонымен бірге  басқаларға демалуға бөгет жасайтын әрекеттер жасауға болмайды.
  4. Сынып бойынша кезекші мұғалімге келесі сабаққа кабинетті дайындайды.
  5. Оқушыларға үзіліс кезінде баспалдақтар мен қабаттарда жүгіруге болмайды: еденде және терезе төсеніші /подоконник/ алды тақтайына отыруға болмайды.


Оқушыларға тыйым салынады:


  1. Өртке әкелетін кез келген наркотикалық, электорндық темекі, сияқты зиянды заттарды қолдануға;
  2. Қарым – қатынасты шешу үшін немесе бопсалау үшін дене күшін қолдануға, бір – бірін итеруге, заттарды лақтыруға;
  3. Өз өмірі мен денсаулығына және өзгелерге қауіпті әрекеттерді жасауға;
  4. Басқа оқушыларға және мектеп қызметкерлеріне әдепсіз, дөрекі сөздерді айтуға;
  5. Мектепке тиеселі кітаптар мен құралдарға жазуға, кітап бетін жыртуға;
  6. Мектеп территориясында және мекемеде қоқыс тастауға болмайды;
  7. Сабақ кезінде ұялы телефондарды, плеерлер, электорндық ойындар т.б. қолдануға;
  8. Мектептен немесе сабақтан сұранбай кетуге.


Мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптар


  1. Мектепте де, мектептен тыс та моральдық  норманы сақтап, тәртіп жағынан үлгі болу керек.
  2. Жұмыста пән мұғалімі немесе сынып жетекші сабаққа 10 – 15 минут қалған кезде келу керек.
  3. Ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес қарастырылған қауіпсіздік техникасы бойынша, өндірісті тазалық, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын қатаң түрде сақтау, жарақаттанған кезде  басқа да жағдайлар жайында жедел түрде әкімшілікке хабарлауы тиіс.
  4. Сабақты қоңыраумен бастап, қоңыраумен аяқтау, оқу уақытын дұрыс пайдалану.
  5. Бүкіл оқу жылына күнтізбелік – тақырыптық жоспар, онда өткізілетін күні мен сабағы көрсетілуі тиіс, оқу күні кестесі бойынша әрбір сабаққа, сонымен қоса арнайы курсқа және сынып сағаттарына күнделікті сабақ жоспары болуы тиіс.
  6. Мектеп директорының барлық бұйрықтарын орындау.
  7. Бұйрықпен келіспеген жағдайда еңбек дауы бойынша комиссиясына арыз беру.
  8. Ауырып қалған жағдайда мұғалім мектеп әкімшілігіне оқу күні басталмай жатып ескерту, емделіп болғанан кейін оқу күні аяқталмай, жұмысқа шығатын күннен бұрын ескерту, жұмысқа бірінші күні шыға сала, уақытша жұмысқа қабілетсіз екендігі туралы қағаз көрсету қажет.
  9. Сынып жетекші күнделікті білім алушыларын /бастауыш, орта буын, жоғарғы буын/ қарсы алу керек, оқу үрдісіне дайындықты өткізу.
  10. Сынып жетекші тәрбие жұмысы жоспары мен кестеге сәйкес тәрбие іс – шарасын және сынып сағаттарын өткізу.
  11. Сынып жетекші тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты атқарады, сонымен қатар оқу жылында екі  рет  ашық сынып сағаттарын өткізеуі тиіс.
  12. Мұғалім киім формасы мектеп жарғысында көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.


Педагог  және мектептің техникалық қызметкерлеріне тыйым салынады.


  1. Жұмыс кестесі мен сабақ кестесін өз қарауымен өзгертуге.
  2. Сабақ ұзақтылығын және олардың арасындағы үзіліс қоңырауын қысқартып, ұзартып немесе сабақ болдырмауына.
  3. Оқушыны сабақтан шығаруға.
  4. Мектеп ұжымы мүшелірін   және білім алушыларды  қорлауға.
  5. Сабақтарда бөтен тұлғалардың қатысуына.
  6. Сабақ кезінде әлде бір себептермен кабинеттен шығып кетуге.
  7. Мектеп мекемесінде темекі тартуға.


ьмошавщопмткшущорпшщргшдащлаооқушыныңаоаолаоаоаоаұігкгМектеп директоры      мектепте 

мектеп








































мкупблщуцгнггшнол  акакаңкуцауца                      Т.Касымбекова

   «Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім 

                   алушыларға  қойылатын талаптар 


Жалпы ереже


  1. Мектептің техникалық қауіпсіздікті сақтау.
  2. Мектеп мүлкіне тиянақты қарау, тазалықты және тәртіпті сақтау.
  3. Мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда шығынын өтеу (өзі немесе ата – ана көмегімен)
  4. Ұстаздардың берген тапсырмасын орындау.
  5. Оқушы үлкендермен құрбыларын құрметтеуге міндетті.
  6. Мектепке оқу құралдардан басқа заттар әкелуге тыйым салынады (темекі, электро шокер, темекі т.б.)
  7. Күштеуге бопсалау, қорқытуға тыйым салынады.
  8. Мұғалімнің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз сабақ кезінде мектептен кетуге болмайды.
  9. Сабаққа келмей қалған күндеріне оқушы сынып жетекшісіне дәрігерден немесе ата – анасынан анықтама әкелуі тиіс.
  10. Сабақты себепсіз қалдырмауы тиіс.


Оқушылардың мектепке келуі мен кетуі:


  1. Оқушы мектепке қоңыраудың соғылуына  15 минут қалғанда келуі тиіс.
  2. Сабақ кесетіне байланысты тиісті оқу кабинетіне барады.
  3. Мектепке оқушы ережесіне сай келмеген оқушыларға кезекшілер тез арада өзінің сырт келбетін дұрыстауына ескерту жасайды.
  4. Оқушылардың мектептен үйіне кетуі сынып жетекшілерінің қадағалауымен жүргізіледі.
  5. Оқушылардың мектеп ішінде сырт киімін және бас киімін киіп жүруіне рұқсат етілмейді. 
  6. Сабақтан соң мектепте қалуға сабақ кестесіне сай үйірмелерге, қосымша сабақтарға қатысатын, мектептің қоғамдық жұмысына қатысушы оқушыларға ғана рұқсат етіледі.


Оқушының тәртібі сабақ кезінде:


  1. Қоңырау соғылған соң әрбір оқушы өз орнында, сабаққа қажетті құралдарын дайындап отыруы тиіс.
  2. Сынып топ басшысы сабақта жоқ оқушыны анықтап, оқу бөлмесінің, тақтаның тазалығына жауапкершілікпен қарау керек.
  3. Оқушы мұғалімнің сыныпта тазалық болған жағдайда және сабаққа қажетті құралдар (бор, тақта сүртетін шүберек т.б.) дайын болғанда ғана сабақ бастайтынын естен шығармауы керек.
  4. Әрбір оқушы өзінің отырған партасының тазалығына жауапты екенін ұмытпауы тиіс.
  5. Сыныпқа мұғалім немесе үлкен кісі кірген мезгілде оқушылар орнынан тұрып сәлемдеседі.
  6. Оқушының жұмыс столында артық заттар болмауы тиіс. 
  7. Сабақ кезінде оқушы түзу отырып, мұғалімді мұқият тыңдауы керек. Басқа жұмыспен айналысуына тыйым салынады.
  8. Сабақ айту үшін оқушы тақтаға күделікпен шығады. Сабақты дауыстап, түсінікті етіп айту керек.
  9. Оқушы сағыз, плеер, ұялы телефондар т.б. заттарды сабақ кезінде пайдалануға болмайды.
  10. Дене тәрбиесі сабағына, спорттық үйірмелерге спорттық киміммен келеді. 
  11. Қоғамдық пайдалы еңбекті ескерту сағаттарына, мектептегі тазалау жұмыстарына жұмыс киіммен келеді.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив