08
декабрь
2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
БҰЙРЫҚ
2023 жыл қыркүйек № Шалқар ауылы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы
Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу жұмыстарын жүргізу, келеңсіз жайттардың алдын алу, адам құқығын қорғау, психологиялық көмек көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- 2023 – 2024 оқу жылында мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жоспары бекітілсін. Жауапты директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Р.К.Алтаеваға жүктелсін.
- Мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін, орын алған келеңсіз жайттарды қарап, тиісті шешеімдер қабылдап, орындалуын қадағалауға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңестің құрамы төмендегідей болып құрылсын:
- Кеңес төрайымы мектеп директоры – Касымбекова Тазагул Токсеитовна.
Мүшелері:
- Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – Алтаева Роза Кенжехановна.
- Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – Асбаева Айнур Темирхановна.
- Мектеп педагог психологы - Муканова Бахыткул Сатыбалдиевна.
- Кәсіподақ төрайымы – Омыралиева Асел Сарсенбековна.
- Мектеп ұжымы, ата – аналар, білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастыруда сауаттандыру оқулар ұйымдастырылсын 7 – 10 сынып білім алушылар арасында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылсын. Жауапты: директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.К.Алтаева.
- Мектептегі «СЕНІМ ТЕЛЕФОН», «СЕНІМ ЖӘШІК» азаматтардың өтініштері мен шағымдарын тіркеу жұмыстары ережеге сай жүргізілсін. Жауапты: педагог психолог Б.С.Муканова және Р.К.Алтаеваға жүктелсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.
Мектеп директоры Т.Касымбекова
Бұйрықпен таныстым:
ДТЖЖО Р.Алтаева _________
ДТЖЖО А.Асбаева _________
Педагог психолог
Б.Муканова ___________