Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі отырысының №1 хаттамасы
«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі отырысының
№1 хаттамасы
29 қыркүйек 2023 жыл Шалқар ауылы
Өткізілген орын: АКТ залы
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, 1-11 сынып жетекшілері.
Күн тәртібінде
1.2023-2024 оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің құрамын, жұмыс жоспарын бекіту.
2.Құқық бұзышулықтың алдын алу бойынша АІІБ-нің жасөспірім инспекторларымен бірлескен жұмыс жоспарын бекіту.
3.Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың үй-тұрмыстық жай жағдайларын тексеру.
4.1-11 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Тыңдалды
Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Алтаева сөз алып, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі төрайымы мектеп директоры Т.Касымбекова, А.Асбаева - дирекордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторы А.Жапаркулов, М.Көпбаев - алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, Б.Муканова мектеп психологы, Г.Кубашева қамқоршылық кеңесінің мүшесі тағайындалғанын айтып өтті. Кеңес өткізу әр айдың соңғы жұма күніне қойылып, ал құқықтық білім күні әр айдың бейсенбі күндері өтетіндігін ескертіп өтті. Жұмыс жоспары құрылып мектеп директорымен бекітілген. 2023-2024 оқу жылына арналған Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша АІІБ-нің жасөспірім инспекторларымен бірлескен жұмыс жоспарын бекітілді.
Үшінші мәселе бойынша сөз кезегін әлеуметтік-педагог АМ.Әбуоваға берілді «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жетім оқушы жоқ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушы анықталмады.
Төртінші мәселе бойынша сөз кезегін ЮПТ инспекторы А.Жапаркулов сөз алды. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білім саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмілетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейісті мәселелердің біріне айналып отыр. Осыған байланысты жас ұрпаққа тәрбие беру жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық,тәрбиесі болып табылады. кәмілетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында 2023 жыл 11-15 күндері аралығында 5-11 сынып оқушыларына ЮПТ инспекторы полиция майоры А.Жапаркулов оқушыларға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қаулы етті: Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша АІІБ-нің жасөспірім инспекторларымен бірлескен жұмыс жалғастырылсын.
Жиналыстың төрағасы Т.Касымбекова
Хатшы Н.Кенжехан