16
сентябрь
2017
Денсаулық күні
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында былай деген еді: «Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек». Айтары тереңде жатқан осы сөзді, келешек ұрпақ бойына сіңіру мақсатында, мектебімізде 9- қыркүйек күні таңертеңгілік мұғалімдер мен оқушылар мектеп алаңына жиналып «Денсаулық фестивалі - 2017» салтанатты түрде басталды. Мектеп директоры Т.Қасымбекова жиналған қауымды аталмыш мерекемен құттықтап сөз сөйледі. Жалпы «Денсаулық апталығын» өткізуге мектеп тай-тұяғымен атсалысты десек, артық айтқанымыз емес. Дәлірек айтар болсақ, мектептің дәрігері Б.Иембердиева 1-11 сынып оқушыларымен дұрыс тамақтану денсаулық кепілі екені жөнінде әңгіме өткізсе, кітапханашы Балжан 5-11 сынып оқушыларымен дәрумендер мен жеміс-жидектің бала ағзасына қандай пайда беретіні жөнінде әңгімеледі.
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Н. Рахметов пен Б. Жұмабек 5-8 сынып оқушылары арасында көңілді старттар ұйымдастырса, Т.Сүгірбеков 9-11 сынып оқушылары арасында шағын футболдан жарыс өткізді. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі М.Джуманова мен бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесе отырып 1-4 сыныптар аралығында отбасылық эстафеталық жарыс өтті.Мұғалімдер 3 км қашықтықта жүгіріп өтті. 1 орын Меңлібаева Элвира 2 орын Нурекенова Гульнар иеленді
Қортындылай айтсақ, «Денсаулық аптасының» бір күні де оқушылар үшін де, оқытушылар бос өтпей, әр түрлі денсаулыққа байланысты тартымды әңгімелерге спорт жарыстарына ұлысып отырды. Ал, аптаның соңғы күні «денсаулық күні» аталып, мектеп оқушылары жарыс жолына шықты.
Бастауыш сынып оқушылары үшін отбасылар арасынды жарыс өтті.
Бұл сайыста Жұлдыз отбасы бас жүлдені , Баянбай отбасы 1, Оразбай отбасы 2, Джузбай отбасы 3 орындарды иеленді. Жеңімпаздар, бағалы сыйлықтармен, мектеп әкімшілігінің мақтау грамоталарымен марапатталды.
Осындай елеусіз болып көрінгенмен, үлкен мақсатты мұрат тұтып, өткізілген бағамды іс-шара есеп үшін ғана өткізілмегені анық. Ендеше болашақ ұрпақтың денсаулығын бала жастан қалыптастыруға есеп үшін емес, ертең үшін өткені «көңіл қуантады. Осындай игілікті шаралардан ұтарымыз көп.