«Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23.09.2021 жылы өткен сынып жетекшілерінің отырысының №1 ХАТТАМАСЫ
«Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23.09.2021 жылы өткен сынып жетекшілерінің отырысының
№1 ХАТТАМАСЫ
Өткізілген уақыт: 23.09.2021 ж
Қатысқандар: 32
Қатыспағандар: 5
Күн тәртібінде:
- Өткен 2020 – 2021 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының қорытындысы туралы
Баяндамашы ДТЖЖО Р.Алтаева.
- Жаңа 2021 – 2022 оқу жылының тәрбие тұжырымдамасының 8 бағыт және жылдық жоспармен таныстыру.
Баяндамашы ДТЖЖО Р.Алтаева.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру
ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда
пайдаланылуын шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» 2021
жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен және мектепішілік бұйрықты бекітіп,
таныстыру.
Баяндамашы ДТЖЖО Р.Алтаева.
Тыңдалды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Алтаева, осыған орай, 2020 – 2021 оқу жылында тәрбие тұжырымдама -сының 8 басым бағыты бойынша жылдық жоспар бектіліп, тәрбие саласында жұмыстар өз деңгейінде атқарылды. Жылдық жоспар Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрық негізінде тәрбие тұжырымдама - сының 8 басым бағыты бойынша бекітіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында әрбір білім беру ұйымында оқыту форматы әр өңірдегі санитарлық - эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.
Мектепте 31 сынып комплектісі және сынып жетекшілер 1 – ші педагогикалық кеңесте бектіліп, жыл бойы атқаратын жылдық жұмыспен таныстырылды. Жыл бойы әрбір сынып жетекші 34 сынып сағаттарын, төрт тоқсанда 2 ашық сынып сағаттарын дөңгелек үстел, кездесулер, сайыстар, пікір талас, әдеби сазды кештер тағы да басқа түрлерде сынып сағаттары жан – жақты түрлендіріп өткізіп отырды.
Жалпы өткен оқу жыл барысында тәрбие саласы бойынша білім алушылардың халықарылық, республикалық, облыстық сайыстар мен байқауларда көптеген жүлделі орындарға тек қана бастауыш сынып оқушылары қол жеткізіп отырды. Ал, орта буын мен жоғарғы сынып жетекшілерінің көрсетркіштері төмен болды.
Қашықтықтан оқыту барысында сынып жетекшілер көптеген іс – шараларды онлайн форматтарда өтті. Соның ішінде 8 «А» сынып жетекшісі Б.Кожабекова, 7 «Б» сынып жетекшісі Ғ.Жунусбекова, 8 «Ә» сынып жетекшісі Э.Момбиева, 8 «В» сынып жетекшісі А.Омыралиева, 6 «А» сынып жетекшісі Аманжолова Бақтыгүл Бақытбековнаға рахметімді атқым келіп отыр, керемет бағдарламалдармен сынып сағаттарын ұйымдастырып, ЗУМ, ватсап платформалары арқылы өткен тақырыптық, ашық сынып сағаттар мен кездесулерді керемет өткізе білді.
Жалпы мектепішілік тәрбие жұмысы бойынша қорытынды 2020 - 2021 оқу жылындағы атқарылған тәрбие жұмысының күшті жақтары:
- Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша оқушылардың жетістігі;
- Мектеп педагогтардың онлайн форматта сыныптармен өткізген кездесулері;
- Бастауыш сынып оқушыларының халықаралық, республикалық деңгейде өткен сайыс байқаулардың көптеп шыққан жеңімпаздары;
Әлсіз жақтары:
- Сынып жетекшілердің ата-аналармен, оқушылармен жүргізілетін жұмыстың төмендігі;
- Қалалық, облыстық, республикалық мәдени шығармашылық конкурстаға оқушылардың қатысуының төмендігі;
- Мектепішілік «Адал Ұрпақ» оқушылар ұйымының жұмыстың төмендігі;
- «Жас полиция көмекшісі» ұйым оқушыларымен жұмыстың өз деңгейінде жүргізілмеуі;
Мүмкіндіктер:
- Сынып оқушыларының оқудан тыс уақытын дұрыс бағытта ұйымдастыру;
- Сынып жетекшілердің жаңаша оқыту әдіс-тәсілдерді қоладана отырып сынып сағаттарын өткізу;
- Ата-анамен жүргізілетін жұмыс бағытын нақты айқындау, жүйелендіру деген
сөзбен аяқтай келе, өткен оқу жылындағы іс – шараларға жақсы деген баға бере отырып, алдағы 2021 – 2022 жаңа оқу жылындағы атқарылытан тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктеріне тоқталып өтсем.
Екінші мәселе бойынша өз сөзін, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады.Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның жаппай қатысуымен кешенді түрде өткізілуі тиіс.
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске асырылатын болады: «Мектептің өзін-өзі басқаруы»; «Дебат» қозғалысы; «Оқуға құштар мектеп»; «Отбасы – мектеп»; «Құқықтық сана – қауымға пана»; «Дәстүр мен ғұрып»; «Еңбек – елдің мұраты»; «Үнем – қоғам қуаты»; «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет» «Қоғамға қызмет»; «Музей сабақтары»; «Театр сабақтары» жобасы. Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылатындығын хабардар ете отырып, жыл бойы жұмыс атқарамыз.
Үшінші мәселе бойынша білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында оқу сабақтары кезінде мобильді байланыс құрылғыларын пайдалануды реттеу жөніндегі ұсынымдар Білім алушыларға мобильді байланыс құрылғыларының зиянды әсерін азайту мақсатында білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға, білім беру ұйымдарына: - денсаулық жағдайы бойынша осындай құрылғыларды пайдалануды қажет ететін білім алушыларды қоспағанда, (мысалы, 1 типті қант диабеті кезінде қан қантына мониторинг жүргізу және т. б.).), білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында білім алушылардың оқу сабақтары кезінде мобильді байланыс құрылғыларын пайдалануын шектеу туралы мәселені қарау; - ата-аналарды (заңды өкілдерді) және білім алушыларды олардың білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында оқу сабақтары кезінде мобильді байланыс құрылғыларын пайдаланғаны үшін жауапкершілігі туралы хабардар етуге міндетті; - мобильді байланыс құрылғыларын қолданудың ықтимал теріс салдары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; -оқу-тәрбие жоспарларына заманауи цифрлық ортада қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру мәселелерін енгізу; - білім беру процесіне қатысушылар үшін ұйымдарда және олардың аумағында оқу сабақтары кезінде мобильді байланыс құрылғыларын пайдалануды реттеу тәртібін түсіндіру бойынша жадынамалар, нұсқаулықтар, өзге де көрнекі үгіт құралдарын әзірлеу; - білім беру ұйымдарында және олардың аумағында білім беру процесіне қатысушылар үшін оқу сабақтары кезінде мобильді байланыс құрылғыларын пайдалануды шектеуге байланысты процесті психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету; 3 - білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін оқу сабақтары кезінде мобильді байланыс құрылғыларын «дыбыссыз» режимге ауыстырудың орындылығын көздеу; - ата-аналарды (заңды өкілдерді) және білім алушыларды білім беру ұйымдарында және олардың аумағында оқу сабақтары кезінде мобильді байланыстың жеке құрылғыларының сақталуына олардың жауапкершілігі туралы хабардар ету; - білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін оқу сабақтары кезінде мобильді байланыс құрылғыларын пайдалану мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар өткізу; -ата-аналармен (заңды өкілдерімен) және білім алушылармен қажеттілік туындаған жағдайда (штаттан тыс жағдай, форс-мажорлық жағдайлар және т.б.) коммуникация мәселелерін келісуді қарастыру. Оқу сабақтары кезінде мобильді байланыс құрылғыларын пайдаланушыларға: - мобильді байланыс құрылғыларын кез келген режимде пайдалану (соның ішінде калькулятор, жазу кітапшасы, шетелдік сөздердің сөздігі, бейнекамера, бейне ойнатқыш, диктофон және т. б.).); - қатыгездік, зорлық-зомбылық, порнография және заңға қайшы келетін өзге де әрекеттер бар ақпаратты насихаттау, сақтау; - қатысушылардың жеке және басқа да мақсаттарынсыз фото және бейне түсірілімдер жасау ұсынылмайды. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) оқу сабақтары кезіндегі білім алушыларға қоңырау шалу ұсынылмайды
Қаулы етілді:
- Өткен 2020 – 2021 оқу жылының 8 басым бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға жақсы деген баға берлсін.
- Биылғы жаңа 2021 – 2022 оқу жылының жылдық жоспарымен таныстырылсын.
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру
ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда
пайдаланылуын шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» 2021
жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен және мектепішілік бұйрықпен ата – аналар мен білім алушыларды таныстыру үшін сынып сағаттары мен жиналыстар өткізілсін.
Жиналыс төрайымы: Р.Алтаева
Хатшы: Д.Нурекенова