03
декабрь
2021
«Жыр жауһар» атты аудан мектептерінің білім алушылары арасында жас жыраушылар байқауы
Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздігінің 30 жылдық қарсаңында тіл мәдениетін дамытуға және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттауға бағытталған «Жыр жауһар» атты аудан мектептерінің білім алушылары арасында жас жыраушылар байқауы өтті. Байқауға 45 мектеп білім алушылары қатысты. Байқаудың мақсаты: сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қазақ халқының батырлық, эпостық жырларын насихаттау. Байқау аудан мектеп білім алушылар арасында бір кезеңнен тұрды. Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Атап айтқанда: Бас жүлде - иегері Серікғалиқызы Аяулым «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта» мектебінің 5 сынып оқушысы, І орын - иегері Қонысбаева Жұлдыз «А.Байтұрсынұлы орта мектебі», ІІ орын - Калбаева Саида «Алтын ауыл мектебі» және ІІІ орын - иегері Бауыржан Біржан, Үштерек орта мектебінің оқушысы.

