Мопедтегі қауіпсіздік ережесі және кәмілетке толмаған оқушылардың қауіпсіздігі туралы хаттамасы » "Шалқар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шалқар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 3-92-20
Есепші бөлімі:
+7(72771) 3-92-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мопедтегі қауіпсіздік ережесі және кәмілетке толмаған оқушылардың қауіпсіздігі туралы хаттамасы
08
декабрь
2023

Мопедтегі қауіпсіздік ережесі және кәмілетке толмаған оқушылардың қауіпсіздігі туралы хаттамасы

«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шалқар атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мопедтегі қауіпсіздік ережесі және кәмілетке толмаған оқушылардың қауіпсіздігі туралы хаттамасы

Өткізілілген күні: 27.09. 2023 ж.

Өткізілген орны: АКТ залы

Ұйымдастырушы: «Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өткізу түрі: жиналысы түрінде өтті

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі; педагогикалық ұжым, 1-11 сынып жетекшілері.

Күн тәртібінде:

1.Мопедтегі қауіпсіздік ережесі және кәмілетке толмаған оқушылардың қауіпсіздігі.

Тыңдалды: 

       А.Асбаева -директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз сөзінде мопедті 16 жасқа толған, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар адам жүргізе алады;

мопедші мотошлем киюге міндетті және мотошлем кимеген жолаушыны тасуға болмайды (мотоциклшілерге де осындай талап қойылады);

мас болып мопед жүргізуге болмайды;

ұзындығы мен ені 50 сантиметрден асатын және алып жүргенде қиындық тудыратын жүктерді тасуға болмайды;

мопедті эстакада, көпір және жол өтпесі бойына, сондай-ақ гүлзар, көгал және балалар ойнайтын алаңқай мен спорт алаңына қоюға тыйым салынады;

мопедпен көлік құралы құрылымында көзделген саннан асатын және мас немесе 16 жасқа толмаған жолаушыны тасуға болмайды (қазіргі жол ережесінде мопедпен жолаушы тасуға мүлде болмайды);

мопедшіге тротуар, жаяу жүргіншілер жолы және веложолмен жүруге болмайды. Ал түнде мопедшінің киімінде жарық шағылыстыратын элемент болуы керек. Веложолақпен жүруге рұқсат етіледі.

Мопед тізгіндегендерге қатысты талап күшейтіледі. Енді қалада ойқастап жүретіндерді тәртіп сақшылары «Сергек» камерасы арқылы анықтайды. Жазалаудан басқа амал қалмады деп отыр. Өйткені жыл басынан бері мопедшілермен 200 жол апаты болып, 198 адам зардап шегіп, бір адам мерт болған. Екі жылдан бері ереже бұзған көлік иесін жауапқа тарту жалғасса да, мопедті шлемсіз жүргізіп, жаяу жүргіншілер жолымен жылдамдықты арттырып айдайтындар әлі де азаяр емес. Енді тәртіп сақшылары талапты одан әрі қатаңдатуды көздеп отыр. 

Негізі бейнекамералардың көмегімен құқықбұзғанды айқындайды. Қазір мопедпен жүретіндер қалада өте көп. Оларға «Жол жүрісі туралы» заңға сәйкес тек велосипедке арналған жолмен, не көлік жолының оң жағындағы жолақпен жүруге рұқсат бар. Ал тротуармен және жаяу жүргінші өткелімен өтуге тыйым салынған. Соған қарамастан, көлік кептелісі кезінде жеткізу қызметіндегілер тапсырыс берушінің тауарын тез апару үшін рұқсат етілмеген жермен жүріп баруға мәжбүр екен. Негізінен мопедтің қозғалтқыш көлемі 50 мен 125 текше сантиметрден асса, жүргізуші куәлігі болуға тиіс. Заңда көрсетілген ережелерді бұзған жүргізушіге «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексте көрсетілгендей, 30 мың теңгеден аса айыппұл қарастырылған.

Шешімі: 1-11 сынып жетекшілері ата-аналарға мопедтегі қауіпсіздік туралы профилактикалық, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді деп есептелінсін.


Хатшы:               Н.Кенжехан



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив