«Жыр жауһар» атты аудан мектептерінің білім алушылары арасында жас
Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздігінің 30 жылдық қарсаңында тіл мәдениетін дамытуға және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттауға бағытталған «Жыр жауһар» атты аудан мектептерінің білім алушылары арасында жас жыраушылар байқауы өтті. Байқауға 45 мектеп білім алушылары қатысты. Байқаудың мақсаты: сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қазақ халқының батырлық, эпостық жырларын насихаттау. Байқау аудан мектеп білім алушылар арасында бір кезеңнен тұрды. Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды.