«Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын - алу шаралары туралы» » "Шалқар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шалқар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 3-92-20
Есепші бөлімі:
+7(72771) 3-92-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын - алу шаралары туралы»
18
октябрь
2021

«Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын - алу шаралары туралы»

«Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің

алдын алу шаралары туралы»


       Қымбатты ата-аналар !!!

          Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ іс, ата-ана боламын деп шешім қабылдаған кезімізден бала өсіруді дүниедегі асқан жауапкершілікті талап ететін міндет деп білетін ата-аналарымыз жиналған екен, қош келдіңіздер!

         Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. 

         Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.

        Осы бағытта «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №214-ІV Заңы, 9-бапта Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құзіреті берілген. Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық-экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.(4 тарау, 26 баптан тұрады).

     Бала өз ата – анасының тәрбиесін алуға, өз қызығушылықтарын жан – жақты дамуын қамтамасыз етуге құқылы.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны үшін шара қолдануды қамтиды. Ал, балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған ата-ана, ата-аналық құқығынан айырылатыны, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылатыны айтылған.

     Қымбатты ата-аналар, әрі қарай, осы тақырыптың негізінде, қысқаша баяндаманы, сіздердің қатерлеріңізге салғым келеді.

     Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу -білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген сөзі, біз оқушылар бойында «отансүйгіштікті», «патриотизмді» қалыптастыра отырып, көптеген келеңсіздіктердің алдын – алатындығымыздың белгісі.

      Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы  оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі аса маңызды іс. 

      Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз.

     Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым қайғысыз өмірі. Оның кепілі – заңдылық.

     Тәуелсіздігіміз төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір

салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

    Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр жағдай болып табылады. Әсіресе, өмір жағдайында түрлі соққылар, зорлық – зомбылық жағдайы көп кездеседі. Балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. 

    Адамға зорлық көрсетудің екі түрлі жағы бар. Олар: тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын- шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Көп уақытта балалардың өміріне балта шаппау мақсатында, олардың кішігірім қылмыстарын жауып тастауға, ешкімге айтпауға тырысамыз, бірақ, қазіргі қоғамның қажеттілігі сол жағдайлардың айтылып, оқушының түпкілікті бақылауға алынуын қажет етеді.

      Азаматтық – патриоттық тәрбие мен зорлық – зомбылық екеуін қатар қарауымыздың себебі, егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу болса, бүгінгі қоғамда жас ұрпақтың бойында зорлық – зомбылық жасауына жол бермеу, өзін – өзі қорғай білуін қалыптастырудың, оқушыларға осы патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елін сүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз деген сөз.

Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек? (Ата-аналарға өз балаларына айтып жүру үшін жаднама)

-Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау.

-Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге, көрші – көлемдеріңмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.

-Қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін.

-Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;

 -Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;

 -Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мынадай принциптерге сүйенеді:

1) заңдылыққа;

2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін сақтауға;

3) адам мен азаматтың тәніне және психикасына азап әкелуге жол бермеуге;

4) отбасын қолдау және сақтауға;

5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде құпиялылықты сақтауға;

6) өмірде қиын жағдайға душар болған адамдармен жеке жұмыс жүргізуге негізделеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүзеге асыратын субъектілер

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) жергілікті атқарушы органдар;

3) отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі комиссия;

4) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар;

5) ішкі істер органдары;

6) қамқоршылық және қорғаншылық органдары;

7) білім беру органдары;

8) көмек көрсету ұйымдары;

9) дағдарыс орталықтары болып табылатынын біле жүріңіздер.

БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ, СЕБЕБІ БАЛА – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТТЫ ЖАН!

     Қымбатты ата-аналар, зорлық – зомбылықсыз болашақ, біздің болашағымыз үшін, кейінгі ұрпақ үшін қажет, сол себепті барлығымыз бірігіп жұмыс атқаруға шақырамын.




Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі

                                                         орынбасары    Р.К.Алтаева 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив