Зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша ата-аналарға арналған жадынама
Балаға физикалық жаза қолданбас бұрын тоқтаңыз! Физикалық жаза:
- Балаға зорлық-зомбылық сабағын айтады.
- Әр балада мен жақсы көреді деген сезіміне сенімсіздік туындатады.
- Ересек адам баласын ұрады себебі оны бала кезінде ұрған. Олар өтірікке толы: педагогикалық міндеттері шешкендей болып, ата-аналар баларға өздерінін ашуын шығарады.
- Физикалық қысым балаға қарама-қайшылыққа сенуге үйретеді: «Мен сені саған жақсы болсын деп ұрамын». Бала миы осы ақпаратты сақтайды.
- Ол кек алу және ашу тілегін тудырады және бұл тілек ығыстырылып тек қана кейін көрініс табады.
- Олар өзіне жаны ашу және өзгерлерге жаны ашу сезімін бұзады, сол арқылы бала өзін және қоршаған ортаны тану мүмкіндігінен шектеледі.
Бала бұдан қандай сабақ алады? 1.Бала құрметке ие болмайды
- Жақсылықты жазалау арқылы үйрену қажет ( бұл бала бойында
басқаларын жазалау тілегін оятады)
- Қайғыны жүрекке жақын қабылдап қажет емес, оған мән бермеу қажет(бұл қорғаныш қызметіне қауіпті)
- Зорлық-зомбылық – бұл махаббаттың көрінісі (осы арқылы көптеген жағымсыз қылықтар болады)
- Сезімдерді жоққа шығару – қалыпты құбылыс
- Үлкендерден қорғаныш жоқ.
Балаларда ығыстырылған ашу қалай көрініс табады? 1.Әлсіз және қорғансыздарды мазақтау
- Сыныптастармен төбелес
- Анасына ұқсайтын қыздарды кемсіту
- Мұғалімдерге жағымсыз қарым-қатынас
- Ашу-ызаны және кекті ығыстыруға мүмкіндік беретін телебағдарламаларды және видео ойындарды қарау.
Ата-аналарға кеңес
- ЖАҚСЫ ҮЛГІ КӨРСЕТІҢІЗ. Қорқыту, ұрып-соғу, психологиялық қысым, намысына тиу т.б жағдайды тым қиындатып жібереді. Сіздің балаңыз сіздің мінез-құлқыңыздан үлгі алып, ашуды басудын жолдарын үйренетін болады. Шекара орнатыңыз. Шектеулер баланы өзін-өзі басқаруға, өз эмоцияларын жүйелеуге үйретеді.
- МЕКТЕПКЕ ЖИІ КЕЛУШІЛЕРДІҢ БІРІ БОЛЫҢЫЗ. Егер Сіздің
балаңызда мәселелер туындап, өзін-өзі бағалауын төмендетуге әкелетін депрессиялық жағдайлар туындаса мектепке келіңіз. Мектеп әкімшілігі
баланың жақсы оқуы және үлгерімінің жақсы болуы үшін жұмыс атқарады.
- ТЕЛЕДИДАРДАН КӨРСЕТІП ЖАТҚАН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖАЙЛЫ БАЛАЛАРҒА АЙТЫҢЫЗ, теледидарды жай ғана сөндіріп тастамаңыз. Көп жағдайда кинолардағы зорлық-зомбылық ол адамдарды қызықтырып, олдардың көңілін көтеру үшін түсірілгендігін айтыңыз. Бұл дегеніміз бұндай мінез-құлық модельін күнделікті өмірде қолдануға болмайтындығын
ескертіңіз.
- «МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН»СӨЗІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН
ЕСКЕРМЕУГЕ БОЛМАЙДЫ Кез-келген жастағы бала қолдауға зәру: сүйю, құшақтау, арқасынан қағу. Олар «Мен сенімен мақтанамын!» деген сөзді
естігісі келеді.
- ӨЗІҢІЗДІҢ БАЛАЛАРЫҢБЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖАЙЛЫ
СӨЙЛЕСІҢІЗ Олардың ашуы және уайымы жайлы сөйлесіңіз. Ата-аналар баларының уайымын тындай білуі керек және одан шығудың жолдарын
көрсетуі қажет. Баларыңыз қалай қарым-қатынасқа түсетінін бақылаңыз. Егер балаңыз қысымға ұшыраса кек алу сезімін басуға тырысыңыз. Уақытты пайдаланып болған жағдайдың мән- жайын толық түсініңіз сосын барып
балаңызға қалай көмектесе алатынызды ойластырыңыз.
- Егер сіздің отбасыңыздың мүшесі немесе сіз жалғыздықты, махабаттың
жақтығын,үмітсіздікті сезінсеніз және сізде спирттік ішімдікпен наркотикпен мәселеңіз болса- көмек іздеңіз. Көптеген зорлық-зомбылық оқиғалары
наркотикалық және спирттік ішімдіктер ішетін адамдардан болады.
БАЛАҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ
- Егер оған қауіп төніп тұрғанын сезген жағдайда балаңызға «Жоқ» деген сөзді айтуға құқығы барын үйретіңіз.
- Балаңызға егер оны біреу ұстап алғысы келсе «Бұл менің анам
емес!»(немесе «Бұл менің әемем емес!») деп қатты айғайлауға үйретіңіз. Бұл қоршаған адамдардың көңілін аудартып және қылмыскерді сескендіреді.
- Балаңыз қайда кетіп бара жатқандығын, күнделікті жоспары өзгеріп жатса сізге хабарлауы тиіс және үйге қашан оралатындығын сізге телефон арқылы хабарлап айтып отыруға үйретіңіз.
- Бала бақшадан мектептен балаңызды өзіңіз алып кетуге тырысыңыз. Егер оны алып кетуге басқа біреу келетін болса тәрбиеші мен мектеп мұғалімін
ескертіп қойыңыз.
- Балаңызға арнайы құпия сөз үйретіңіз және таныс емес адамның көлігіне егер құпия сөзді айтпаса отырмауын және мүлдем отыруға болмайтындығын үйретіңіз.
- Кешкілік уақытта дастарымен қыдыру жалғыз жүргеннен әле қайда
қауіпсіз екендігін айтып отырыңыз. Қылмыскерді әрқашан жалғыз жүрген балалар қызықтырады.
- Балаңызға телефонды-автоматты(жедел) түрде қолдануды үйретіңіз. Балаңыз үй телефонын және көмек көрсету органдары телефондарын жатқа білуі тиіс.
- Балаңызды арнай жылына бір рет фотоға түсіріп отырыңыз және бұл балаңыз жоғалып кеткен жағдайда жедел табуға көмектеседі.
- Балаңызда қандай жағдай болмасын сізге келіп ашық айта-алатындай ата- ана болыңыз. Бала егерде жоғалып кетсе немесе оны ұрлап алып кетсе сіздің іздеуді тоқтатпайтыныңызға сенімді болуы және оны жақсы көретінізді біліп өсі қажет.