1 қыркүйек - Білім күніне арналған іс- шара жоспары құрылып, бекітілді. Осыған орай, «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді.
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шалқар ауылындағы «Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған іс- шара жоспары құрылып, бекітілді. Осыған орай, «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға ардагер ұстаздар Светлана Галымовна, Халида Мусахметовна, ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жолымхан ата, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Гүлнар Төлеусагиевна, ажелер алқасының мүшесі Аманкул Зарипбаевна, Шалқар ауылының дәрігері Шолпан Джамалиевналар қатысты. Салтанатты іс – шарада 1 сынып табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер ұстаздарға, мектепке өз арнауларын бағыштаса, 8 «А» сынып оқушысы Серікқали Нұрсипаттың орындауынды «Туған жер», 6 «В» сынып оқушылырының оырндауында «Дархан дала», Аружан, Ерасыл және Әлібектің орындауындағы «Ұстаз ана» әндері жиынға қатысушылардың көңілдерін бір көтерді.



