Білім күніне арналған «Кел, балалар оқылық!» тақырыбы аясындағы салтанатты жиын өтті
Шалқар орта мектебінде 1 қыркүйек – Білім күні және жаңа 2020 – 2021 оқу жылының басталуына арналған «Кел, балалар оқылық!» тақырыбы аясындағы салтанатты жиын өтті. Оқушылар және олардың ата – аналарына Білім күнін өткізудің форматы және санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты алдын ала жеткізу сынып жеткшілер мен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына Р.Алтаева, А.Асбаеваға жүктелді. Барлық сыныптарда тақырыптық сынып сағаттары жас ерекшеліктеріне сәйкес, ұзақтығы 40 - 45 минуттан артық емес уақытқа жоспарлап өткізілді. Іс-шараның идеологиялық мазмұны Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігіне 30 жыл яғни, «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырып аясында алынды. Білім күніне арналған салтанатты жиын келген ардагер ұстаздар, мектеп директоры Т.Касымбекова, «Қамқоршылық кеңес» төрайымы Г.Кубашова, ата – аналар комитетінің төрайымы Аманкул ханым, Жандосов ауылдық округ әкімінің атынан келген Абрахман Ерғазы мырза, қадірлі қоңақтар болып, 1 сынып табалдырығын аттағалы отырған балауса бүлдіршіндер мен ата – аналарды жаңа оқу жылдарымен құттықтады. Салтанатты жиында бастауыш сынып мұғалімі А.Бегимбетова «ӘЛІППЕ» оқулығына арналған қойылым қойса,
11 сынып түлектері 1 сынып білім алушыларына «ӘЛІППЕ» оқулығын табыстады. Сонымен бірге, мектеп оқушыларының орындауындағы «Қазақстан», «Кел, балалар оқылық!» әні 1 сынып оқушыларының орындауында, 1 сынып табалдырық аттаушы білім алушылыраның әдеби монтажы көпшілік көңілінен шықты. Салтанатты жиын соңында 11 сынып оқушыларымен 1 сынып табалдырығын аттағалы отырған балауса балдырғандар алғашқы қоңырауды соғып, ата – аналардың қолдауымен мектеп ішіне енді.
Шалқар орта мектебі
ДТЖЖО А.Асбаева


