«Отбасы бақыт мекені!» ұранымен өткен іс – шара туралы МӘЛІМЕТ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында«Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Отбасы бақыт мекені» тақырыбы аясында іс – шара жоспары құрылып, жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда: «Толағай» отбасылық спорттық жарыс ұйымдастырылды . Ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырылды. Жеңімпаз отбасыларына арнайы марапаттаулар табысталды. Соңында естелікке суретке түсті. Денсаулық – байлықтан қымбат, - дей отырып, дене шынықтыру пән бірлестігімен бірге дене шынықтыру жаттығулары әр адамның жасына, әл – ауқатынасәйкес әрқилы болуы қажет дей отырып,
6 сынып оқушылар арасында флэш моб биі, мектеп фойэесінде «Отбасы сағатына» арналған қабырға газеттері ілінді және мектеп оқушылары арасында ұлттық ойынымыз «Асық ойыны» 1 – 11 сынып ұл – қыздарда да қызығушылық білдіріп, дене шынықтыру пән мұғалімі Ә.Қадырхан ұйымдастырса, грек – рим күресі бойынша Д.Мүлікбаевтың балалармен көрсеткен қойлымы ата – аналармен, ұстаздардың көңілдерінен шықты. Апта соңында 1 – 11 сынып жетекшілері тақырыптық сынып сағаттарын өткізді.


